Автомобильные аукционы BIDCAR.EU
Контактная информация: Тел.: +7 800 (--) ------- Email:
Объявление на For.ru:
for.ru/create/shop/
Создайте свой Интернет - магазин

for.ru/create/shop/
И размещайте здесь свою рекламу бесплатно.

 
Объявление
Fusce euismod consequat ante. Lorem ipsum dolor sit amet, consectetuer adipiscing elit.
 
Реклама:
Создайте себе сайт бесплатно!
Создайте себе сайт бесплатно!
 
 

Бақылау жұмысы

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың тарау бойынша алған білімдерінің нақтылығын, меңгерілу дәрежесін айқындау; жұмысты орындау барысында дайындық деңгейлерін анықтау.

Дамытушылық: оқушылардың білім деңгейін және оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс  жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу;
  • Оқушыларды түгендеу;
  • Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау;
  • Оқушылардың назарын тақтаға аудару;
  • Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Өткенді шолу:

  • Ньютонның сақталу заңын импульстік түрде жазудың бір артықшылығы бар. Қандай? 
  • Ньютонның заңдары
  • Күш моменті дегеніміз не?
  • Күш иіні деген не?
  • Штейнер теоремасы қалай айтылады?
  • Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?

ІІІ. Негізгі бөлім

Бақылау жұмысы

І нұсқа

  1. Серіппені 8 мм-ге созу үшін 0,04 Дж жұмыс істеу керек. Осы серіппені 4 см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару қажет?
  2. Массасы 10 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 3 м/с2 үдеу алды. Массасы 24 кг дене дәл осындай күшпен әсер еткенде ол қандай үдеу алады?
  3. Массасы 200 г балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 0,5 кН/м-ға тең қармақ бауы қанша созылатынын анықтаңдар.
  4. 2 км биіктіктен түсіп келе жатқан массасы 20 мг жаңбыр тамшысына әсер етеін ауырлық күішінің істейтін жұмысы қандай болады?
  5. Ғарыш ракетасы старт берілгенде Жер бетінен 20 м/с2 үдеумен тік жоғары қарай қозғалады. Кабинадағы массасы 80 кг ғарышке-ұшқыштың салмағын табыңдар.

 

ІІ нұсқа

  1. 60 Н күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 4 м/с2 үдеу бере алады?
  2. Қатаңдығы 40 кН/м серіппені 0,5 см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару керек?
  3. Жер бетінен 300 км биіктікте ұшып жүрген жасанды серіктің жылдамдығы қандай? Оның айналу периоды қандай?
  4. Тереңдігі 5 м судағы көлемі 0,6 м3 тасты судың бетіне дейін көтерді. Тастың тығыздығы 2500 кг/м3. Тасты көтеруде істелген жұмысты табыңдар.
  5. Жер бетінен 600 км биіктікте дөңгелек орбита бойымен айналып ұшуы үшін жасанды серіктің жылдамдығы қандай болу керек? Оның айналу периоды қандай?

ІІІ. Бағалау.

IV. Үй тапсырмасын беру: тарауды қайталау.

 
 
 
Пожаловаться на сайт