Реклама от for.ru: Создайте себе сайт с помощью конструктора
for.ru/create/site/
И размещайте тут свою рекламу бесплатно.
for.ru/create/site/
Контактная информация: Тел.: +7 800 (--) ------- Email:
 


Қош келдіңіздер!

Құрметті оқытушылар мен оқушылар! Біздің сайт арқылы сіздер «Динамика» тарауы жайында толығырақ мағлұмат ала аласыздар. Мұнда дәріс сабақтары, практикалық сабақ, зертханалық жұмыс пен тест жұмыстары қамтылған. Бұл берілген материалдар сізге Динамиканы айтарлықтай жақсы түсінуіңізге зор ықпал етеді деген сенімдеміз. Баршаңызға сәттілік тілейміз! 

Объявление на For.ru:
for.ru/create/site/
Создайте себе сайт с помощью конструктора

for.ru/create/site/
И размещайте тут свою рекламу бесплатно.

 
Реклама:
Создайте себе сайт бесплатно!
Создайте себе сайт бесплатно!
 
 

Динамика

 Динамика (грек. Δύναμις – күш) – механикалық қозғалысты, оны тудыратын себептерді ескере отырып зерттейтін механиканың бөлімі. Динамика масса, күш, импульс, импульс моменті, энергия деген сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. 

  Динамика сөзі кейдбір жағдайларда физикада өз мағынасынан ауысып та қолданылады, жалпы әдебиеттерде: қарапайым процестердің атауы ретінде беріледі. Яғни ол сәйкесінше уақыт мөлшеріне тәуелді болып, нақты механизммен және осы тәуелділік себебін есепке алмауды міндет көрді. 

   Күш әсеріндегі дененің қозғалысын жалпылама зерттеулермен қатар, динамикада гидроскоп теориясы, механик.тербелістер теориясы, қозғалыстың орнықтылық теориысы, соққы теориясы сияқты дербес мәселелерде қарастырылады. Зерттелетін нысаны қасиетіне қарай динамика материалық нүкте динамикасы, серпімді және пластикалық деформацияланатын дене динамикасы, сұйық пен газ динамикасы деп бірнеше тарауларға бөлінеді.

   Динамика тәсілдерін нақтылы нысандарға қолдану нәтижесінде аспан механикасы, сыртқы баллистика, самолет және ракета динамикасы т.б. механиканың салалары пайда болады.

   Ньютон заңдарына негізделген динамиканы классикалық динамика деп атайды. Кез келген дененің (микробөлшектерден басқа) жарық жылдамдығынан төмен жылдамдықтағы қозғалысының заңдылықтарын ашатын классикалық динамиканың тәсілдері жаратылыстану мен техникада маңызды орын алады. Жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалған дененің қозғалысы салыстырмалық теориясында, ал өте ұсақ бөлшектердің (микробөлшектердің) қозғалу заңдылығы кванттық механикада қарастырылады. 


 
 
 
Пожаловаться на сайт